«Е.Айшуақұлы атындағы ЖББМ»КММ — де 8 — сәуір күні 11 -сыныпта «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Білім — мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға ҚР-ның жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Сынып сағатында оқушылар жаңа баптардың негізгі қағидаттарымен танысты. Оқушыларға тапсырмалар беріліп, өз ойларымен бөлісті.



