Есір Айшуақұлы Атындағы Мектептің МАД «Ә» тобы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының Жасампаздық және Тәуелсіздік бағыты бойынша берілген
«Мен — зерттеушімін» тақырыбына сай қоршаған әлеммен танысу сабағында «Су- тіршілік көзі» сабағында судың қасиеттері мен әртүрлі күйін бақылау — зерттеу сабағы көрсетілді.
Сабақ барысында судың түссіз,дәмсіз,пішінсіз,мөлдір,әртүрлі күйін,сыртқы әсерге сай өзгергіш екендігін көзбен көріп,қолымен ұстады.
Тәрбиеленушілер сабаққа қызығушылықпен қатысып,берілген тапсырмаларды белсене орындады.
