“Е.Айшуақұлы атындағы ЖББМ” КММ-де 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай іс-шаралар жоспарының психикалық денсаулықты сақтау бөлімі бойынша 7 сәуір күні мектеп психологы Құбаева Бағдат “Психикалық денсаулық дегеніміз не және оның маңызы“ тақырыбында 8-10 сыныптарға тренинг өткізді. Тренингтің кіріспесі тақырыпқа сай түсіндіру, ақпарат берумен басталып, “Жүрегіңді түстермен боя”жаттығуымен жалғасты. Одан соң оқушылар “Қолдау шеңберін”құрып, бір-біріне қолдау сөздерін айтты.


