7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Е. Айшуақұлы атындағы ЖББМ» КММ-де «Қауіпсіз сандық орта» бойынша

8 «Б» сыныпта «Гаджеттерді пайдалануды бақылау және тепе-теңдікті сақтау» тақырыбында іс-шара өтті. Шараға 25 оқушы қатысты. Іс-шарада «Ой қозғау» бөлімінде оқушылар гаджеттердің пайдасы мен зияны туралы өз ойларын айтты.Мұғаліммен бірлесе отырып, «Цифрлық гигиена» ережелерін құрастырды. Шара соңында «Цифрлық диетаның» ережелерін күнделікті өмірде жиі қолдану ұсынылды. Шараны информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Гүлнара өткізді.

Добавить комментарий