«Қауіпсіз сандық орта» бойынша 6-сыныпта «Интернет қауіпсіздігі және сандық сауаттылық»

7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Е.Айшуақұлы атындағы ЖББМ» КММ-де информатика пәні мұғалімі Ерманова Ақкүміс «Қауіпсіз сандық орта» бойынша 6-сыныпта «Интернет қауіпсіздігі және сандық сауаттылық» тақырыбында іс-шара өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға интернетті қауіпсіз әрі тиімді қолдану ережелерін үйрету, жеке мәліметтерін қорғау дағдыларын қалыптастыру және сандық сауаттылық деңгейін арттыру.

Қазіргі таңда интернет – білім алудың, қарым-қатынас жасаудың және ақпарат табудың негізгі құралына айналды. Алайда оны дұрыс әрі саналы қолданбаса, түрлі қауіптерге тап болу мүмкін. Осыған байланысты шара барысында оқушыларға киберқауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шара бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрды. Алдымен оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жеке мәліметтерді қорғау, сенімді құпиясөз құру, күмәнді сілтемелерден сақтану, бейтаныс адамдармен онлайн байланыс орнатудың қауіптері туралы нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар кибербуллингтің алдын алу жолдары, желідегі әдептілік нормалары мен цифрлық мәдениет туралы ақпарат берілді. Сабақ қорытындысында

«Интернет қауіпсіздігі және сандық сауаттылық» шарасы оқушыларға тек ақпарат беріп қана қоймай, олардың саналы таңдау жасауына бағыт-бағдар берді. Балалар интернет кеңістігінде әр әрекеттің жауапкершілік жүктейтінін түсінді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өздерін ғана емес, өзгелерді де қорғау екенін ұғынды.

Добавить комментарий