7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Е. Айшуақұлы атындағы ЖББМ» КММ-де «Қауіпсіз сандық орта» бойынша информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Гүлнараның ұйымдастыруымен 9 «Ә» сыныпта «Әлеуметтік желілердің жасөспірімдер психикасына әсері» тақырыбында іс-шара өтті. Шараға 13 оқушы қатысты. Іс-шарада «Ой қозғау» бөлімінде оқушылар әлеуметтік желіні қаншалықты жиі қолданатыны туралы өз ойларын айтты, талқылау болды. «Цифрлық детокс: 24 сағат» (Жоспарлау тапсырмасы) бөлімінде оқушылар телефонсыз бір күнді қалай өткізуге болатыны туралы жоспар құрды. Шара соңында «Цифрлық тепе-теңдікті сақтау» ережесін құрастырды.


