Мектебіміздеде 8 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тамақтану режимі және тамақтану әдеттері” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп асханасындағы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтанудың пайдасы мен тамақтану режимінің рөлі туралы айтылып өтті. Оқушылар күнделікті өмірдегі зиянды және пайдалы тамақтар турады да айтып өтті.



