Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар кітаптың адам тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасып, өздері оқыған кітаптары жайында ой бөлісті. Сонымен қатар кітап оқудың пайдасы, білім мен рухани дамудағы орны туралы айтылып, танымдық тапсырмалар мен сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Сынып сағаты оқушылардың кітапқа деген құрметін арттыруға ықпал етті. Сабақты сынып жетекшісі Сабытаева Жазгүл өткізді.


